АСТАНА, 23 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қырғыз Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азизбек Мадмаров Түркіменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Довлетгелді Режеповпен кездесті.
Қырғызстан СІМ хабарлауы бойынша кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, атап айтқанда, елдердің экспорттық мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Түркіменстан сауда-өнеркәсіп палаталарының белсенді өзара іс-қимылын талқылады.
Елші А.Мадмаров екіжақты ынтымақтастықтың өнім ассортиментін және форматтарын кеңейту, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша қырғыз-түрікмен үкіметаралық комиссиясының қызметін жандандыру қажеттігін, сондай-ақ оның келесі отырысын өткізу туралы айтты.
Өз кезегінде Д.Режепов бірлескен жұмысты жандандыруға мүдделі екенін растап, осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ жоспарланған бизнес шеңберінде Қырғыз Республикасы мен Түркіменстан іскер топтарының кездесулерін өткізуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Тараптар сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттерін растады.
Теңге бағамы
Ауа-райы