• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
13 Категория: Экономика - Жарияланды 27/04 - 13:24

НҰРСҰЛТАН, 27-сәуір. - Eurasia Today. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кеше 26 сәуірде БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 77-сессиясына бейнеконференция форматында қатысты. 

Жапаров осы шарада сөйлеген сөзінде: «ЭСКАТО-ның алдында пандемия кезінде аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша шешімдерді «бұрынғыдан да жақсы» қағидаты бойынша әзірлеу деген өте маңызды міндет тұр. 
COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемде, оның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағында халықаралық саудада күрделі мәселелер тудырды.
Бұл тұрақты даму мақсаттарын одан әрі толық іске асыруға қауіп төндірді», - деді.
Ол дамушы елдердің көпшілігі кірістерінің едәуір бөлігін жоғалтқанын, олар қолдарындағы ресурстарды пандемияның салдарын жоюға бағыттауға мәжбүр екенін айтып: «Өткен жылы тұрақты даму жөніндегі саяси форум кезінде Қырғызстан өзінің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы алғашқы ұлттық ерікті есеп ұсынды. Бұл есеп COVID-19 ауруының осы мақсаттарды жүзеге асыруға әсері негізінде жасалған. Сондай-ақ, бұл бізге халықаралық қолдауды қажет ететін салаларды көрсетеді. ЭСКАТО бұдан әрі де тұрақты даму мақсаттарды дамытуға баса назар аударады деп үміттенеміз», - деді. 
Жапаров Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) жауапты хатшысы Алисджабана мен жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде: «Қырғыз Республикасы – теңізге шыға алмайтын, дамып келе жатқан таулы ел.
Бұл жағдай біздің сыртқы сауданы жүргізу қабілетімізді едәуір қиындатады.
Осыған байланысты біз БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасы арқылы ЭСКАТО-ның қолдауын құптаймыз.
Қырғыз Республикасы Тынық, Үнді және Атлант мұхиттарындағы порттарға қол жеткізуді қажет етеді.
Қырғызстан елге шетелдік инвесторларды тартуға мүдделі. Біз инвестициялық және сауда саясатын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз – бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
Пандемия кезінде біз кедергілер мен жаңа тосқауылдар тудырмай, сауданы дамыту және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін мүмкіндігінше ынтымақтастық жасауымыз керек», - деді.
Таиландтың Бангкок қаласында орналасқан Азия және Тынық мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО) БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің аймақтық бес комиссиясының бірі болып табылады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети