• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
10 Категория: Экономика - Жарияланды 29/04 - 17:56

НҰРСҰЛТАН, 29-сәуір. - Eurasia Today. Француз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми сайтында жарияланды.

Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады. Олар екі елдің үкіметтік және іскерлік топтары арасындағы байланыстардың күшеюін атап өтті. 
Министрлер ертең Парижде өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысын, сондай-ақ Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі делегациясының ү.ж. мамыр айында жасайтын сапарын, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың Жол картасына қол қоюды құптады.
Халықаралық мәселелерді талқылау кезінде Ауғанстандағы жағдайдың дамуына ерекше назар аударылды.
Француз компаниялары Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының қатарына кіреді. 2005 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде олардың біздің елдегі капитал салымдарының көлемі 16,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 2020 жылдың тоғыз айында 526,3 млн.  долларға жетті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2,8 млрд. АҚШ долл. құрады (Қазақстаннан экспорт – 1,8 млрд., импорт - 1 млрд.).

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети