• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
402 Категория: Экономика - Жарияланды 28/07 - 17:06

НҰРСҰЛТАН, 28 - шілде. - Eurasia Today. Еліміздің агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2975 кәсіпорын өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясы елдеріне еркін өткізеді деп хабарлады BAQ.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл бал өндіретін және өз өнімдерін Сауд Арабиясы Корольдігіне экспорттауға дайын қазақстандық 10 кәсіпорын сол елдің тиісті реестріне енгізілді. 

Жыл басынан бері мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге құқығы бар 4 кәсіпорын, сүт өнімдерін сыртқа шығаруға әзір 3 кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтайтын, қайта өңдеп, өткізетін 1 кәсіпорын Қытайдың бас кеден басқармасының тізіміне енгізілді, - делінген хабарламада.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркия тарапымен жүргізген жемісті жұмыстарының нәтижесінде осы елдің тізіміне теріні экспорттауға құқығы бар 4 кәсіпорын енгізілді. 

Министрліктің 2021 жылғы жоспарында осы нарықтарға шығаратын тауар түрлерін көбейтуді жалғастыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның, және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарығын игеру көзделіп отыр.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/bal-ondiretin-10-kasiporyn-saud-arabiyasynyn-senimdi-eksporttaushylar-reestrine-engizildi-ashm/

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети