• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
33 Категория: Экономика - Жарияланды 28/09 - 09:14

НҰРСҰЛТАН, 28 - қыркүйек. - Eurasia Today.  Отандық QazVac вакцинасына Сауд Арабиясы қызығушылық танытса, Қазақстан оны жеткізуге дайын. Сонымен бірге қазақстандық вакцина Сауд Арабиясымен бірлесіп өндірілуі мүмкін.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірлескен инвестициялық бизнес форумда мәлімдеді.  

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында Ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті. Жиынға инвестициялар министрі Халид А. Әл Фалих бастаған Сауд Арабиясы Корольдігінің делегациясы мен САК мемлекеттік органдарының 50-ден астам өкілі қатысты.

Екі елдің 170-ке жуық іскер топ пен бизнес өкілдері жеке секторды дамыту, серпінді қоғам құру мәселелерін талқылады.

Атаулы шара барысында Корольдік халықаралық саудадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыратын «Saudi Vision 2030» ұлттық бағдарламасын іске асыру кезіндегі тәжірибесімен бөлісті.

Еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандық бизнестің Сауд Арабиясының іскер топтарымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі мемлекет екіжақты экономикалық байланыс кезінде жаңа серпін беретін инвестициялық жобалар ұсынып, ынтымақтастықты арттыруы қажет.

Сондай-ақ, Форумда Бақыт Сұлтанов екі ел арасында тікелей әуе рейстерінің ашылуы бизнестегі өзара қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети