• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
29 Категория: Экономика - Жарияланды 30/09 - 10:03

НҰРСҰЛТАН, 30 - қыркүйек. - Eurasia Today.  Кеше Қазақстанда Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында Башқұртстан Конгресс бюросының өкілдігі ашылды.

Бұл туралы Башқұрстан басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Бүгін Қазақстанда біз өз өкілдігімізді - Башқұртстан Конгресс бюросын аштық. Біз оны экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға, республикамызға жаңа инвестиция тартуға, қазақстандық тараппен өнеркәсіп, құрылыс, әлеуметтік, гуманитарлық, ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға бағыттап отырмыз.

Бұл міндеттерді сәтті шешу үшін біздің Астана халықаралық қаржы орталығының аумағында өкілдік ашатындығымыз маңызды рөл атқарады. Бұл алаңды таңдау кездейсоқ емес. АХҚО әлемдік қаржы орталықтары жұмыстарының стандарттарына негізделген әрі шетелдік инвестицияларды тарту үшін тиімді орталық болып табылады.

Қазақстан басшылығының, Ресей Федерациясы Сауда өкілдігі және Халықаралық қаржы орталығы басшылығындағы әріптестердің қолдауының арқасында біз алдымызға қойылған барлық міндетті жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын», - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Радий Хабиров бастаған Башқұртстан делегациясы Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Асқар Маминмен кездесіп, сұхбаттасты. Сапар барысында жасалған келіссөздерге сәйкес, Уфа мен Нұр-Сұлтан арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болды. Сонымен қатар, Радий Хабиров Башқұртстанның Ұлттық мұражайында көрме ұйымдастырып, Қазақстанның символы «Алтын адамды» қоюды ұсынды.

Сапарының соңына қарай Радий Хабиров Қазақстанда тұратын башқұрттармен де кездесті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети