• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
15 Категория: Экономика - Жарияланды 05/10 - 17:19

НҰРСҰЛТАН, 5 - қазан. - Eurasia Today. Еліміздегі барлық жылу электр орталықтары көмір қорымен қамтылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы «Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Биыл қыркүйек айында темір жол арқылы 8,8 млн тонна тас көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,7% көп. Сонымен қатар 2,7 млн тонна қатты отын ТМД елдеріне экспортқа жөнелтілді. Ал ел ішінде 6,1 млн тонна қатты отын тасымалданды. Өткен жылға қарағанда 5,4% өсу байқалады. Оның ішінде жылу электр орталықтарына 5 млн тонна қатты отын жеткізілді», - деді Қанат Көбесов «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Одан бөлек, ҚТЖ өкілі бүгінде еліміздің Жылу электр орталықтары көмір қорымен қамтамасыз етілгенін жеткізді. «Бүгінгі (5 қазан) жағдай бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған 28 ЖЭО-да көмірдің нормативтік қоры қамтамасыз етілген. ЖЭО- ға көмір жеткізу жұмысы тәулік сайын бақылауда, ол үшін маршруттар ұйымдастырылған. Сол секілді жүк вагондары да тиісті деңгейде қамтылған», - дейді ол. Бұған дейін «ҚТЖ «Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов көмір жеткіздің кешігу себебін атады.


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети