• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
3364 Категория: Экономика - Жарияланды 15/10 - 10:06

НҰРСҰЛТАН, 15 - қазан. - Eurasia Today. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы саяси ахуал екі арадағы сауданы тоқтатқан болатын.

Біраз уақыт банкаралық транзакциялар мен теміржол қатынасы тоқтап қалған болатын. Енді екі ел арасындағы бұл проблемалар шешілді, деп жазады ақпарат тілшісі Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

«Транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді», делінген Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінде.

Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Қазақстаннан бұл елге бидай мен ұн экспорттау бұдан әрі де жалғасады.

Еске сала кетсек, Ауғанстан-қазақстандық бидай мен ұнның басты және дәстүрлі нарықтарының бірі. 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети