• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
23 Категория: Экономика - Жарияланды 12/11 - 13:16

НҰРСҰЛТАН, 12 - қараша. - Eurasia Today. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ирандық «NIAK» компаниясының делегациясын қабылдады. Бұл туралы ақпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде «NIAK» компаниясының құрылтайшысы Хьюман Байат Ақтаудағы арнайы экономикалық аймағында фармацевтика фабрикасы жобасын жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.

         Инвесторлар төрт кезеңнен тұратын жобаға 40 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы құймақ. Алғашқы кезеңін биыл жыл соңына дейін іске қосуды көздеп отыр. Қазір «Ақтау теңіз порты»  арнайы экономикалық аймағымен келісім шарт жасасып, кәсіпорынның құрылысы үшін жер телімі берілді. Сонымен қатар дайын ғимарат беру де жоспарланып отыр.

         Кәсіпорында айына 2 млн құты дезинфекция құрал шығарылмақ. Атап айтқанда антисептик, йод, дәке мен бетперде өндіріледі. Жоба толық іске қосылған соң 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң септігін беретін және жаңа жұмыс орындарын құратын мұндай бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети