• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
19 Категория: Экономика - Жарияланды 19/11 - 17:42

НҰРСҰЛТАН, 19 - қараша. - Eurasia Today. Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығын дамыту мәселесіне де тоқталды. Ақпарат торабы тілшісінің Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы бүгін, 19 қарашада Алматыда қаржы секторы өкілдерімен кездесуде айтты.

– Криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра, қаржы қайтарымын көрмей отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысының сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды. Алматыдағы резиденциясында өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай құрамдағы кездесудің алғаш рет өткізіліп отырғанына назар аударды. Президенттің айтуынша, жиынды өткізуге еліміздің қаржы секторында шешілуге тиіс қордаланып қалған мәселелер түрткі болған.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+9°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети