• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
23 Категория: Экономика - Жарияланды 20/11 - 15:18

НҰРСҰЛТАН, 20 - қараша. - Eurasia Today.  Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі үшінші апта қатарынан тіркелді.

Ақпарат торабы тілшісінің primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0 пайызды құрады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде үшінші апта қатарынан сәбіз (-0,8%), пияз (-0,7%), макарон өнімі, күріш және картоп (-0,2%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты.
Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин және бірқатар облыс әкімдері баяндады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети