• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
12 Категория: Экономика - Жарияланды 24/11 - 11:06

НҰРСҰЛТАН, 24 - қараша. - Eurasia Today.  Елімізде отандық өнімдер үлесін арттыру мақсатында алдағы жылдары бірнеше жаңа кәсіпорын салынады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ақпарат тілшісі.

«Отандық тауарлардың ассортиментін кеңейту мақсатында жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда. Айтар болсақ, 2022 жылы Қызылорда облысында қуаты 197,1 мың тонна болатын  табақ шыны өндіретін зауытты пайдалануға беру жоспарланған. Инвестиция көлемі 42,1 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар 2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың қатысуымен керамикалық плиткалар шығаратын үш жаңа кәсіпорын пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2025 жылға дейін кальцийленген сода өндіру бойынша тағы жаңа екі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр»,- деді сөзінде министр.

Министрдің айтуынша, аталған жаңа жобалар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

 

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети