• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2284 Категория: Экономика - Жарияланды 25/11 - 10:53

НҰРСҰЛТАН, 25 - қараша. - Eurasia Today. Елордаға келген Ресей, Өзбекстан, Армения инвесторлары бизнесмендерге өз жобаларын ұсынды.

Бизнесмендерге Армения мен Ресейден келген компаниялардың өкілдері өз жобаларын қысқаша түсіндірді.

Армениялық  Саркия Саркисян баяндамасында «Үш тауар түрін ұсынып отырмыз. Бірінші, хури-жасанды интеллект-көмекші. Екінші, пандемарт-онлайн іс-шараларды 3D  форматында өткізуге арналған платформа. Үшінші, юкрафт-веб-сайт құрылымдаушы конструктор»,-деді.

Ал, ресейлік Татьяна Сльверова «Біздің компания брендті ілгері бастырудың экожүйесін ұсынады. Бұл дегеніміз-тауарларды виртуалды әлемде нағыз керекті аудиторияға таныстыратын технология. Біз осы арқылы кез келген инфрақұрылымды виртуалды бейнелеп, бизнеске өзіне қажетті тұтынушыны табуын жеңілдетеміз»,-деп мәлімдеді.

Халықаралық компаниялар мамандарының айтуынша, бүгінде Қазақстанда цифрландыру ісі жақсы жолға қойылған. Сондықтан инвесторлар цифрлық жобаларды көп ұсынып отыр.

«Қазақстан цифрландыру ісі бойынша ТМД елдерінің инвесторларын қызықтырады. Мұнда цифрландыру тәжірибесі жақсы жүзеге асып жатқанын байқадым», - дейді Мәскеуден келген Еуразиялық экономикалық комиссия өкілі Асқар Жаппарқұлов.

        

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+9°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети