• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1194 Категория: Экономика - Жарияланды 07/12 - 12:30

НҰРСҰЛТАН, 7 - желтоқсан. - Eurasia Today. Тәжікстанның сауда және экономикалық даму министрі Завки Завкизода Женеваға сапары барысында Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо Ивеаламен кездесу өткізді. Бұл туралы Тәжікстанның сауда және экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ақпарат торабының тілшісі.

Тараптар кездесу барысында Тәжікстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымыарасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады.

Кездесуде Завки Завкизода Нгози Оконджо Ивеаланы  Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры қызметіне сайлануымен тағы да құттықтады.

Өз кезегінде Нгози Оконджо Ивеала Тәжікстан Республикасының сауда саласындағы жетістіктерін атап өтіп, іскерлік ортаны жақсарту үшін Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі Тәжістанның сауда рәсімдері мен қызметін жеңілдетудегі жетістіктерін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Тәжікстанның сауда және экономикалық даму министрі ұйымның Бас директорын 2022 жылы Душанбеде өтетін «Тұрақты дамуға арналған су»тақырыбындағы жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға шақырды.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
475.94
-0.31
EUR
490.31
-0.67
RUB
7.83
+0.19
TJS
46.94
-0.16
TMT
137.63
-0.21
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+22°C Мәскеу
+20°C Нұр-Сұлтан
+24°C Бішкек
+24°C Алматы
+30°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+30°C Ташкент

Соцсети