• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
16 Категория: Экономика - Жарияланды 07/12 - 16:17

НҰРСҰЛТАН, 7 - желтоқсан. - Eurasia Today. Нұр-Сұлтанда Өзбекстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында бизнес-форум мен өзбек-қазақ іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы 5,9 млрд долларды құрайтын сауда келісімшарттары мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы екіжақты келісімдерге қол қойылды, деп хабарлады Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңес отырысы барысында Өзбекстанның Навои облысы әкімдігі, «Карлскрона» ЖШС (Қазақстан) және «KazakhExport» (Қазақстан) арасында қазақстандық өндірістің сорғы және электр жабдықтарын экспортқа жеткізуді жеңілдету бойынша және «Навои» арнайы экономикалық аумағында сорғы және электр жабдықтары өндірісін ұйымдастыру үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Еске салайық, Шавкат Мирзиеев Қазақстанға сапары барысында екі елдің экономикасы бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырып отырғанын атап өткен болатын. Биылғы жылдың соңына дейін сауда 4 миллиард долларды құрайтын рекордтық деңгейге жетеді деп күтілуде.

Президенттер алдағы бес жылда тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.14
-0.01
EUR
494.69
-0.32
RUB
5.69
-0.40
TJS
38.42
-0.02
TMT
124.03
-0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+7°C Теһран
-2°C Мәскеу
-9°C Нұр-Сұлтан
+2°C Бішкек
+4°C Алматы
+12°C Душанбе
+13°C Ашхабад
+8°C Ташкент

Соцсети