ҚытайТәжікстанныңнегізгісаудаәріптестерініңішіндетөртіншіорындатұр
- Толығырақ
- Категория: Экономика
- Қаралды: 601
НҰР-СҰЛТАН, 19 - қаңтар. - Eurasia Today. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай Халық Республикасы Тәжікстан Республикасының негізгі сыртқы сауда әріптестерінің ішінде төртінші орында тұр.
Бұл туралы Тәжікстанның Сауда және экономикалық даму министрі Завки Завкизода «ҚХР — Орталық Азия» форумы аясында мәлімдеді, деп жазады ақпарат тілшісі.
Завки Завкизода форумда жасаған мәлімдемесінде өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының 2020 жылмен салыстырғанда 80 пайызға артқанын атап өтті. Бұл ретте Душанбе мен Бейжің арасындағы сыртқы сауданың үлес салмағы 13 пайыздан асқан.
Тәжікстанның Сауда және экономикалық даму министрі екі ел көшбасшыларының тұрақты күш-жігерінің арқасында екі елдің экономикалық ынтымақтастығының жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Айта кетсек, коронавирустық пандемияға байланысты форум бейнеконференция форматында өтті.
Теңге бағамы
Ауа-райы