• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
771 Категория: Экономика - Жарияланды 30/04 - 09:39

НҰР-СҰЛТАН, 30 - сәуір. - Eurasia Todaу. Мәскеуге ресми сапармен келген Иранның Жол және қала құрылысы министрі келіссөздер соңында тасымал саласындағы жан-жақты келісімге қол қойды. Бұл туралы ақпарат тілшісі ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеуде Иранның Жол және қала құрылысы министрі Рустам Қасеми Ресей Федерациясы көлік министрі Виталий Савельевпен кездесті. Келіссөздер соңында тараптар екі елдің түрлі салалардағы әріптестігі туралы жан-жақты келісімге қол қойды.

Екі ел делегацияларының мүшелері қатысқан келіссөздер барысында Ресей көлік министрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың кеңеюіне тоқталып, осы келісімге қол қою арқылы екіжақты ынтымақтастық нығая түсетініне сенім білдірді.

Иранның Жол және қала құрылысы министрі осы келісімге қол қою рәсімі аясында сөйлеген сөзінде Иранның көршілес елдермен әріптестікті дамытуға ынталы және Иран 15 елмен шектесіп жатқандығын, соның ішінде Ресейдің Иран үшін тарихи маңызы зор көрші ел екендігін атап өтті.

Рустам Қасеми: «Екі ел арасындағы экспорт пен Ресейдің Иран арқылы басқа елдерге экспорты жайлы келісім жасалып, қысқа уақыттың ішінде орындала алады»,-деді. 

 

                 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+18°C Душанбе
+32°C Ашхабад
+25°C Ташкент

Соцсети