• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
23 Категория: Экономика - Жарияланды 04/05 - 18:04

НҰР-СҰЛТАН, 4 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран Кеденінің өкілі Сейед Рухолла Латифи елінің өткен жылы 27 272 тонна шай экспорттағанын, бұл көрсеткіштің 2020 жылмен салыстырғанда салмағы 68 пайызға артқанын айтты.

Латифидің айтуы бойынша өткен жылы салмағы 27 272 тонна, құны 27 998 937 доллар ирандық шай 25 елге экспортталған. Осы мәлімет бойынша Иран шай экспортының салмағы 68 пайызға, құны 77 пайызға өскен.

БАӘ 8 миллион 774 мың 94 долларға 8 мың 304 тонна шай, Түркия 3 миллион 537 мың 20 долларға 2 мың 904 тонна, Ресей 3 миллион 92 мың 428 долларға 2 мың 598 тонна, Үндістан 2 371 916 долларға 2 мың 538 тонна шай, Ирак 1 998 070 долларға 2 195 тонна шай сатып алу арқылы ирандық шай экспортының бестігіне кірді.

Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Кения, Қазақстан және Ауғанстан иран шайы экспортының келесі бағыттары саналады. Айта кетейік, осы елдердің арасында Қазақстан 647 тонна шайды 599 мың 211 долларға импорттаған.

Латифи Германия, Украина, Ливан, Грузия, Ұлыбритания, Қытай, Нидерланды, Кувейт, Финляндия, Швейцария, Канада, Бельгия, Әзірбайжан және Австралияның өткен жылы Иран шайын сатып алған басқа елдер болғанын айтты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети