• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
20 Категория: Экономика - Жарияланды 07/05 - 11:22

НҰР-СҰЛТАН, 7 - мамыр. - Eurasia Todaу. 2022 жыл басынан бері Өзбекстанда автокөлік экспорты қысқарып, импорт өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат өзбекстандық ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 68 905 автокөлік шығарылған.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан Әзербайжан, Тәжікстан, Корея және Ливанға 58 автокөлік экспорттады. Өз кезегінде бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 763-ке аз.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанға әлемнің 21 елінен құны 189,3 миллион доллар болатын 8508 автокөлік әкелінген және жеңіл автокөліктердің импорты 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 361-ге немесе 2,7 есеге өсті.

Сондай-ақ Өзбекстанға үш айда 455 электромобиль әкелінді. Өткен жылмен салыстырғанда электромобиль импорты 370 бірлікке немесе 5,4 есеге өскені айтылды.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
431.03
-0.18
EUR
455.90
+0.60
RUB
7.01
+3.23
TJS
35.86
+1.14
TMT
128.03
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети