• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1005 Категория: Экономика - Жарияланды 19/05 - 10:53

НҰР-СҰЛТАН, 19 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 17 мамырда Абу-Дабиде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қырғыз-әмірлік үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл Мазруемен кездесті.

Қырғыз Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қырғыз-әмірлік ынтымақтастығын жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар Қырғызстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту және осы бағытта БАӘ тәжірибесін қолдану бойынша жұмыс тобының қызметін жандандыру қажеттігіне ерекше көңіл аударылды.
Сондай-ақ қонақтар үшін тиісті жағдай жасай отырып, БАӘ-ден Қырғызстанға туристерді тарту мәселелері талқыланды.
Бұл ретте алдағы сапарлардың мазмұнын жоғары деңгейде қанықтыру бойынша дайындық жұмыстары талқыланды.
Айта кетейік, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 17 мамырда Біріккен Араб Әмірліктеріне арнайы ұшып барып, БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жеке көңіл айтты.
Жапаров Қырғызстан халқының атынан және жеке өзінің атынан БАӘ-нің жаңа президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға, билеуші отбасы мүшелері мен Әмірлік халқына БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
456.11
0.00
EUR
483.11
+0.07
RUB
8.33
-1.04
TJS
41.84
+3.65
TMT
130.32
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+12°C Мәскеу
+12°C Нұр-Сұлтан
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+24°C Душанбе
+31°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети