• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1217 Категория: Экономика - Жарияланды 25/05 - 10:57

НҰР-СҰЛТАН, 25 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық дипломатия министрінің орынбасары Мехди Сафари ЭЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері орынбасарларының "Брейнсторм" отырысы аясында журналистерге берген сұхбатта осы ұйым банкінің іске қосылғанын хабарлады.

Иран СІМ экономикалық дипломатия департаментінің мәліметі бойынша кеше 24 мамырда Теһранда ЭЫҰ-на мүше елдердің Сыртқы істер министрлері орынбасарларының отырысы басталды. Іс-шараға қатысушы ресми тұлғалар топтық және екіжақты кездесулерде аймақтық ынтымақтастықты одан әрі арттыру жолдарын талқылайды.
Ұйымға мүше елдер арасындағы сауданы көбірек ырықтандыру, транзиттік және аймақішілік көлікті күшейту және Ашхабадта өткен ЭЫҰ саммитінің келісімдерін тиімді жүзеге асыру сияқты маңызды мәселелер Теһрандағы ЭЫҰ хатшылығында осы аптадағы отырыстардың күн тәртібіндегі маңызды тақырыптарға жатады.

Теһран кездесуіне қатысушылар ірі аймақтық жобаларды қаржыландыру жолдарын да талқылайды.

ҚР СІМ мәліметі бойынша Теһранда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі "Брейнсторм" пікір алмасу отырысына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қ.Тұрсынов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшісі және ЭЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Асхат Оразбай мен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері кірді. Қазақстан делегациясының жетекшісі ҚР тарапының ұсыныстарын жеткізген баяндамасында Ұйымның тиімділігін арттыруға шақырды. Аталған іс шара екі күнге созылады.

Айта кетейік, ЭЫҰ Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан, Түркия, Әзірбайжан Республикасы, Пәкістан және Тәжікстан мүше болып табылады. ЭЫҰ-ға мүше 10 елдің 7-і теңізге шыға алмайтындықтан жаһандық нарықтарға шығу үшін басқа елдер мен транзиттік жолдарға сүйенеді. Ауданы 8 миллион шаршы шақырымды құрайтын, жарты миллиард халқы бар ЭЫҰ аймағы – халықаралық транзиттегі ең маңызды және ықпалды аймақтардың бірі.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
456.11
0.00
EUR
483.11
+0.07
RUB
8.33
-1.04
TJS
41.84
+3.65
TMT
130.32
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+12°C Мәскеу
+12°C Нұр-Сұлтан
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+24°C Душанбе
+31°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети