• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
596 Категория: Экономика - Жарияланды 27/06 - 13:30

НҰР-СҰЛТАН, 27 - маусым. - Eurasia Todaу. Иран президенті Сейед Ибрахим Раиси кеше, 26 маусымда түстен кейін Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Каземимен бірге өткізген баспасөз мәслихатында оның Иранға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп: «Иранның Иракпен қарым-қатынасы қарапайым және дәстүрлі емес, керісінше, өте терең. Оның тамыры екі ұлт пен екі елдің ежелгі мәдениетінен, наным-сенімінен, ортақ сенімінен бастау алады. Бүгінде екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары барлық салада қарым-қатынасты дамытуға терең де байыпты ерік-жігерге ие» - деді.

Президент өз үкіметінің көршілерімен қарым-қатынасты кеңейтудегі принципті саясатына тоқталып: «Бүгін біз Иракты Иран халқына ең жақын мемлекет санаймыз. Иракпен әртүрлі салада ең жақын қарым-қатынасқа иеміз. Көршілеріміздің арасында біз Иракпен ең жақын қарым-қатынастамыз.
Екі елдің саяси, экономикалық және сауда қарым-қатынастары туралы бүгінгі келіссөздерде біз екі елдің осы салалардағы өзара іс-қимылдарын кеңейтуге келістік»,-деді.
Президент Ирак премьер-министрімен келіссөздер барысында Шаламче мен Басра темір жолын байланыстыру жобасын жүзеге асыруды жеделдету туралы уағдаластыққа қол жеткізіп, бұл жобаның іске қосылуының екі ел арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету мен арттыруға үлкен ықпал ететінін атап өтті.
Раиси сондай-ақ екі жақты келіссөздерде екі ел арасындағы ақша-несие және банк қатынастарын жеңілдету үшін жаңа қадамдар жасау туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казхими баспасөз мәслихатында Иран мен Ирактың тарихи, мәдени және діни қарым-қатынастарына тоқталып, келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін көтеру жолдарын талқылағандарын мәлімдеп, өз елінің Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасын өте маңызды деп атап: «Бүгін біз ортақ мүдделер аясында екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасты нығайтуға келістік», - деді.
Айта кетейік, Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи кеше ресми сапармен Иран астанасы Теһранға келді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
475.94
-0.31
EUR
490.31
-0.67
RUB
7.83
+0.19
TJS
46.94
-0.16
TMT
137.63
-0.21
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+22°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+17°C Алматы
+32°C Душанбе
+34°C Ашхабад
+30°C Ташкент

Соцсети