• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1021 Категория: Экономика - Жарияланды 28/06 - 11:34

НҰР-СҰЛТАН, 28 - маусым. - Eurasia Todaу. Иран президенті Сейед Ибраһим Раиси дүйсенбі күні «D8» ұйымының бас хатшысы Исиака Абдул Қадер Имаммен кездесуінде Иран Ислам Республикасының саясаты аймақтық, халықаралық және әлемдік ұйымдармен ынтымақтастық жасау екенін баса айтып: «D8» елдерінде сауда айналымы және тауар транизитін арттыру үшін назардан тыс қалған көптеген потенциал бар», - деді.

Президент ирандық жастардың елінің ғылыми-технологиялық парктеріндегі іргелі ғылымға негізделген жетістіктеріне тоқталып: «Иран өзінің технологиялық және іргелі ғылымға негізделген жетістіктерін «D8» тобының басқа елдерімен бөлісе алады»,-деді.
Раиси «D8» тобына мүше елдер арасындағы сауда айналымын арттыруды қажет деп санап: «Бұл ұйымның мүшелері өз мүмкіндіктерін белсендіре отырып, мүше елдер арасындағы сауда алмасуды да арттыруға тырысуы керек» деді.
«D8» ұйымының бас хатшысы Исиака Абдолкадер Имам Иранды осы ұйымның белсенді мүшелерінің бірі деп атап: «Д8-дің екі маңызды мекемесі Теһран мен Һамеданда орналасқан», - деді.
Исиака Абдолкадер Имам «D8» ұйымына мүше елдердің халқының әлеуетін ескеру және мүшелер арасындағы сауда алмасуды арттыруды өзінің осы ұйымның бас хатшысы болғаннан бергі екі маңызды басқару тәсілі деп сипаттады.
Сегіз исламдық дамушы елдер тобы қысқаша «D8» тобы деп аталады. Дамушы сегіз ислам елінің экономикалық тобына Иран, Түркия, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия, Малайзия, Египет және Нигерия мүше.
Бұл топ 1997 жылы 15 маусымда Түркияның сол кездегі премьер-министрі Наджмуддин Эрбаканның ұсынысымен ұйымға мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
475.94
-0.31
EUR
490.31
-0.67
RUB
7.83
+0.19
TJS
46.94
-0.16
TMT
137.63
-0.21
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+22°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+17°C Алматы
+32°C Душанбе
+34°C Ашхабад
+30°C Ташкент

Соцсети