• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
785 Категория: Экономика - Жарияланды 13/01 - 14:52

АСТАНА, 13 - қаңтар. - Eurasia Todaу. «ҚазТрансОйл» АҚ Ресейдің мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған. Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+9°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети