ҚазақстанменҚытайвизалықрежимдіжеңілдетутуралысұхбаттасты
- Толығырақ
- Категория: Экономика
- Қаралды: 357
АСТАНА, 17 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Cыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының толық ауқымды өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
ҚР СІМ мәліметі бойынша Қазақстан Елшісі Ш. Нұрышев сауда-экономикалық байланыстарды арттыру, Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінде өзара әрекеттесу және тығыз ықпалдасуды нығайту, жолаушылар әуерейстерінің санын «пандемияға дейінгі» деңгейге дейін қалпына келтіру және қазақстандықтар үшін ҚХР визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды.
Өз тарапынан, Ма Чжаосюй көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол Қытайдың сыртқы саяси мекемесі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігімен тығыз әрекеттесуге әзір екенін хабарлады.
Теңге бағамы
Ауа-райы