ҚазақстанменЭстонияекіжақтыынтымақтастықтыкеңейтугемүдделі
- Толығырақ
- Категория: Экономика
- Қаралды: 414
АСТАНА, 01 - ақпан. - Eurasia Todaу. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультацияларға қатысу үшін Астанаға сапармен келген Эстония Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры Марге Мардисалу-Кахар бастаған делегациямен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендігін растады.
Теңге бағамы
Ауа-райы