ИраннанТүркіменстанғатауартаситынкәсіпкерлердіңжұмыстарықысқарды
- Толығырақ
- Категория: Экономика
- Қаралды: 402
АСТАНА, 03 - ақпан. - Eurasia Todaу. Ираннан тауар тасумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің көпшілігі жұмыстарын тоқтатты.
hronikatm.com сайтының хабарлауы бойынша бұған дейін Бажығаран шекара өткелінен аптасына 6 рет өтуге рұқсат етілсе, 2022 жылдың қазан айында өткелден өту саны екіге дейін қысқарғаны белгілі болды, ал 9 қаңтардан бастап аптасына бір рет ғана өтуге рұқсат етілген.
Шекарашылар мен кеденшілер бұл шектеуді ұсақ-түйек сауда жасау мақсатында шекарадан өтіп жатқан көп адам санына қызмет көрсетудің қиындығымен байланыстырғанымен, бизнестің мұндай түрі бұрыннан болған әрі ешқандай қиындық тудырмаған.
Түркімен азаматтарына Ираннан екі қораптан аспайтын темекі тасымалдауға рұқсат етілген. Бұл үстеме баға қосып, қайта сату үшін ең сұранысқа ие және тиімді өнім. Бұдан бөлек, Түркіменстан азаматтары Ираннан азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар әкеледі.
Теңге бағамы
Ауа-райы