ТатарстанТүркіменстанғаауылшаруашылығыөнімдерініңэкспортынарттырады
- Толығырақ
- Категория: Экономика
- Қаралды: 497
АСТАНА, 03 - ақпан. - Eurasia Todaу. Татарстан Түркіменстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі. Бұл туралы Татарстанның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров Түркіменстанның Қазандағы консулы Гуйч Гараевпен кездесуінде мәлімдеді.
hronikatm.com сайтының хабарлауы бойынша министр Түркіменстанға астық, күнбағыс майы, қант, балалар тағамы мен сүт өнімдерін, оның ішінде құрғақ сүт пен ірімшіктерді жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Зяббаровтың айтуы бойынша өткен жылы Татарстаннан Түркіменстанға шамамен 1,24 миллион долларға азық-түлік өнімдері әкелінген.
Бұл негізінен күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер, майонез және соустардың әр түрі.
Өз кезегінде консул министрді Түркіменстанның ауыл шаруашылығы саласындағы экспорттық мүмкіндіктерімен таныстырды. Ол сондай-ақ наурыз айына жоспарланған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша Түрікмен-Татарстан бірлескен жұмыс тобының отырысы туралы баяндады. Оның аясында Түркіменстан мен Татарстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлескен көрмесін ұйымдастыру ұсынылды.
Теңге бағамы
Ауа-райы