• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
413 Категория: Экономика - Жарияланды 16/02 - 14:19

АСТАНА, 16 - ақпан. - Eurasia Todaу. 15 ақпанда Түрікменстан астанасында Түркіменстан Сауда-өнеркәсіп палатасының көмегімен ұйымдастырылған Иран Ислам Республикасының мамандандырылған экономикалық көрмесі өз жұмысын бастады.

Түркіменстан СІМ мәліметі бойынша Ашхабадқа ирандық құрамына 70-ке жуық компания мен фирмалардың өкілдері кіретін үлкен делегация келді.
Көрменің ашылу салтанатына Түркіменстан Парламенті Мәжілісінің жетекшілері, Үкімет мүшелері, Түркіменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, осы елдің салалық министрліктері мен ведомстволары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Иран Түркіменстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Түркіменстан Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтуға үлкен мән береді. Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл отын-энергетика кешені, көлік-коммуникация, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда тиімді дамып келеді.
Экономикалық көрменің жұмысы үш күнге жалғасады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети