• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
66 Категория: Фотографии - Жарияланды 14/05 - 12:31

НҰРСҰЛТАН, 14-мамыр. - Eurasia Today. Өзбекстанның Бұхара облысындағы Қарақұл ауданында құрылысшының есімі парсы тілінде қашалып жазылған үш ғасырлық тарихы бар мешіт анықталды. Бұл туралы ақпарат тілшісі Өзбекстанның облыстық мәдени мұра басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Осы мәліметке сәйкес, мешіт XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни, 1884-1885 жылдары салынған. Үш ғасырлық тарихқа ие. Мешіттің конструкциясы ағаш. Бұл құрылым төртбұрыш тәрізді баған және ойылған бөренелерден тұрады. Мешіттің бағандары мен бөренелері және есіктері ағаш оюлармен безендірілген. «Г» әрпі тәрізді жеті бағаналы дәліз сақталмағанымен, оның орнын ХХ ғасырдың соңында салынған кіреберіс басқан. 

Бүгінгі күні мешітте ауылдық кітапхана орналасқан.

Бұхара облыстық мәдени мұра басқармасының көркемдік сараптама бөлімінің бастығы У.Жұмаев, аудан басшысы Ш.Хакимов пен ауыл ақсақалы Н.Әшіровтің, «Ежелгі Пойкент қаласының тарихы» мұражайының директоры Н.Собировтың қатысуымен жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мешіттің бағанасында қашап жазылған тарихи жазбаның араб әліпбиіне негізделген парсы тіліндегі насталик каллиграфиясымен «Ин масджед ра бана кард Рузибой ибн Гайбуллобой, 1304» деп жазылған мәтін екені анықталды. Мәтін парсы тілінен былай аударылады: 
«Бұл мешітті хижраның 1304 жылы Гайбуллобойдың ұлы Рузибой салған».
Мешіттің тарихи-көркемдік құндылығын ескере отырып, оны материалдық мәдени мұра ретінде тіркеу үшін талпыныс жасалуда.

 

Теги: