• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
73 Категория: Картина дня - Жарияланды 03/02 - 11:45

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Вашингтон палестиналықтарға гуманитарлық көмекті қайта бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Fars News агенттігі хабарлады. 

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс Вашингтонның палестиналықтарға гуманитарлық көмекті қайта бастайтынын мәлімдеді.

Ол хабар брифингінде: «Біз палестиналықтарға гуманитарлық көмекті тезірек қайта бастамақпыз. Себебі бұл Американың мүддесіне сәйкес келеді. Бұрынғы биліктің көмекті тоқтата тұруы ешқандай саяси жетістіктерге қол жеткізген жоқ. Палестина басшыларына да пайдасы болмады, тек Палестина халқына зиян тигізді», - деді.

Палестина автономиясының премьер-министрі Мұхаммед Аштиа дүйсенбі күні Дональд Трамптың кезінде Рамалланың Вашингтонмен үзілген байланысы қайта жанданғанын мәлімдеді.

Премьер-министр Мұхаммед Аштиа АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденмен әкімшілігімен және әкімшілік атынан Мемлекеттік департаменттің Палестина-Израиль ісіне жауапты Хади Амрмен телефон арқылы сөйлескенін айтты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети