• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
104 Категория: Картина дня - Жарияланды 05/02 - 12:08

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке «Заид» атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығы берілді. Бұл туралы Kz.eurasiatoday.ru ақпарат торабы News.un.org сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Гутерриш бұл сыйлықты бейбітшілік пен экстремизмге қарсы күресу үшін құрылған қауымдастықтың жетекшісі француз әйел Латифа Ибн Зиатенмен бөлісті. 

Zayed Human Brotherhood Prize сыйлығы 2019 жылы жеке адамдардың немесе ұйымдардың адамзат дамуын ілерілетудегі жетістіктерін атап өту үшін құрылды. Бұған дейін ол католик шіркеуінің басшысы, Рим Папасы Франциск пен әл-Азхар мешітінің Бас имамы Ахмад ат-Тайибке берілді.

Zayed Human Brotherhood 2021 сыйлығының лауреаттары 1 миллион доллар алады. Бұл соманы олар өзара тең бөледі.
Антониу Гутерриш ақшалай сыйлық 500 000 долларды БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасына сыйға тартуға шешім қабылдады.

Сыйлық Абу-Дабидің қайтыс болған басшысы, Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы шейх Зайед бен Сұлтан Әл-Нахаянның есімімен аталады.

Айтатын жайт, БҰҰ Бас ассамблеясы діндер мен мәдениетаралық диалогты дамыту мақсатында 4 ақпанды «Адамзат бауырластығы» күні деп жариялаған болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+9°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети