• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
41 Категория: Картина дня - Жарияланды 12/02 - 16:33

Еуропалық парламент қарар жариялап, ЕО-қа мүше елдерді Йемендегі адам құқығын бұзғаны үшін Сауд Арабиясы мен БАӘ-не қару сатуға тыйым салуға шақырды. Бұл туралы «Іr.sputnik news» агенттігі хабарлайды.

Еуропалық заң шығарушылар ЕО-қа мүше кейбір елдердің екі елге қару-жарақ сатуды жалғастыру әрекеті Еуропа Кеңесінің ортақ ұстанымына қайшы келеді деп санайды.
Еуропалық парламенттің қаулысында АҚШ-тың Сауд Арабиясына қару сатуды тоқтату және әлемдегі ең озық соғыс ұшағы саналатын F-35-ті беруді тоқтату туралы шешімі  құпталды.
Еуропалық парламенттің мүшелері сонымен бірге ЕО пен оған мүше мемлекеттерді «адам құқығын бұзушыларды жауапқа тарту үшін барлық мүмкін құралдарды қолдануға» шақырды. Сонымен қатар, олар адам құқығын бұзушыларға қарсы мақсатты түрде санкциялар салуға шақырды.
Бұл шешім  бір құқық қорғау ұйымының Сауд Арабиясы мен Эр-Риядқа тәуелді қарулы күштердің Йеменге қарсы соғысында Бельгия қаруын қолданғаны туралы хабарламасынан кейін қабылданды.  
 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+9°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети