Әзірбайжан Президенті Әлиев Таулы Қарабақ соғысында Арменияның бақылауынан босатылған бірнеше қала мен ауылды аралады. Бұл туралы Fars News агенттігі хабарлады.
Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиев Таулы Қарабақ соғысынан кейін Арменияның бақылауынан босатылған Физули, Зангелан, Лачин және Джебраил қалаларында болды.
Әлиев Таулы Қарабақтың кейбір ауылдық өңірлеріне барған кезде босатылған аудандардағы үйлерді тез арада қалпына келтіру қажеттігін және армяндар аймақтың ормандарын басып алған кезде өртеп жібергенін айтты.
Әзірбайжан Президенті азат етілген аймақтарды қайта құру жобаларының дайын екендігіне тоқталып, қайта құру жұмыстары бірден басталатынын мәлімдеді.
Әзірбайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы 44 күндік қақтығыстан кейін Ресейдің арағайындығымен 9 қарашада атысты тоқтату туралы келісімге келді. Келісімге сәйкес, Армения Әзірбайжанның басып алынған аумақтары Ағдам, Келбаджар және Лачиннен шығып, Нахчываннан Әзірбайжанға құрылық дәлізін құруға міндеттелді.
Теңге бағамы
Ауа-райы