• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
276 Категория: Картина дня - Жарияланды 19/02 - 15:53

АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша өкілі бұрынғы әкімшіліктің осы ұйымның Иранға қарсы барлық санкциясын жандандыру туралы өтінішін қайтарып алды. Бұл туралы Mehr News агенттігі хабарлады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша өкілі Ричард Миллс Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесіне жазған хатта Американың бұрынғы Үкіметінің қыркүйек айында БҰҰ-ның Иранға қарсы барлық санкциясын жандандыру туралы өтінішін қайтып алатынын мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де кеше бейсенбі күнгі мәлімдемесінде еуропалық одақтастарына президент Джо Байден әкімшілігі Иранмен 2015 жылы жасалған ядролық келісімге оралу туралы сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді.

Дональд Трамптың президенттігі кезінде АҚШ 2018 жылдың мамыр айында Иранмен жасалған «Ортақ қадам» атты ядролық келісімнен шығып кеткен болатын. Кейін АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2020 жылдың тамыз айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде осы ұйымның Теһранға қарсы санкцияларын қайтарып, Иранның қару-жарақ эмбаргосының аяқталуына жол бермейтін 30 күндік үдерісті бастағаны туралы уәж айтты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети