• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
240 Категория: Картина дня - Жарияланды 27/02 - 14:52

Британдық ақпарат құралдары америкалық ұшақ Сирияда Иранмен одақтас күштерге тиесілі деген ғимаратқа шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Fars News хабарлады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі кеше жұма күні таңертең Джо Байденнің бұйрығымен АҚШ-тың әскери күштері Сирияның шығысындағы қарсыласу топтарына тиесілі позицияларды бомбалағанын жариялады.

Бұл хабарды Пентагон растағанға дейін Reuters хабардар екі жауапты тұлғаның сөзіне сілтеме жасап, АҚШ-тың Сириядағы Иранмен одақтас күштерге тиесілі деген позицияларға шабуыл жасағанын хабарлады.

Аты-жөнін айтпауды өтінген жауапты тұлғалар шабуылға АҚШ президенті Джо Байден рұқсат бергенін мәлімдеді. АҚШ шенеуніктерінің бірі бұл шабуылды АҚШ-тың Ирақтағы позицияларына жасалған жуырдағы шабуылдарға берілген жауап деп атады.
CBS, VOA және тағы басқа ақпарат құралдары да шабуылдың жасалғанын растады. Осы оқиға туралы алғашқы мәліметтерде шабуылдың немесе жасалған шабуылдардың саны туралы айырмашылықтар болды. Кейбір ақпарат көздері АҚШ-тың бір позицияға, басқалары бірнеше позицияға соққы жасағанын көрсетеді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети