• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
109 Категория: Картина дня - Жарияланды 19/05 - 16:20

НҰРСҰЛТАН, 19-мамыр. - Eurasia Today.  Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстардың екінші аптаға жалғасуымен басқыншы режим әскерилері Ғазадағы үш мешітті толығымен қиратты. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі хабарлады.

Palestine Alan хабар торабы Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтында Ғаза секторындағы Қайырымдылық министрлігіне сілтеме жасап, Израильдің Ғазаға үздіксіз әскери басқыншылығы кезінде үш мешіттің толығымен қиратылғанын, 40 мешітке ішінара нұқсан келгенін хабарлады. Осы мәліметке сәйкес, олардың айналасына бомба қойылуына байланысты тағы 42 мешіт жабылған.

БҰҰ-ның Палестина босқындары ісі бойынша агенттігі UNRWA жуырдағы есебінде сионистік режимнің Ғаза секторына гуманитарлық көмек жіберуге жол бермей отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар БҰҰ-ның Балалар қоры UNICEF те гуманитарлық көмек жеткізу үшін аймақтағы қақтығысты дереу тоқтатуға шақырды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети