• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
17 Категория: Картина дня - Жарияланды 08/06 - 18:21

НҰРСҰЛТАН, 8-маусым. - Eurasia Today. Түркістан облысындағы Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«Бүгін сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендері қосылған тұстан 500 метр жерде жоғалған туристердің заттары (жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап) табылды. ТЖМ құтқарушылары оларды полиция қызметкерлеріне табыстады. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды», - дейді ведомство өкілі.

Оның мәліметі бойынша, жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатқан көрінеді. «Аймақта «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының тікұшағы аэровизуалды барлау жасап жүр. Іздестіру жұмыстары 15 тәулік бойы жалғасуда. Оған Түркістан облысының төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағйдарлар министрлігінің жеке құрамынан 137 қызметкер, 17 техника, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүріп жатыр», - дейді Талғат Уәли.


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+33°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети