НҰРСҰЛТАН, 11-маусым. - Eurasia Today. Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Джо Байденнің қай жерде кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды ақпарат тілшісі Швейцарияның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Швейцарияның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, 16 маусымға белгіленген кездесуді Женевадағы Ла Гранж вилласында өткізетін болды.
Швейцарияның СІМ саммит алаңы ретінде Женеваны таңдағаны үшін екі елге де алғысын білдірді.
Бұған дейін Кремль хабарлағандай, кездесуде екі ел басшылары Ресей-АҚШ қатынастарының жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын, стратегиялық тұрақтылық мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселелерді, коронавирустық пандемиямен күрестегі бірлескен шараларды талқылайды.
Теңге бағамы
Ауа-райы