НҰРСҰЛТАН, 7 - шілде. - Eurasia Today. 7-8 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді. Бүгін Қазақстан елордасына БҰҰ делегациясы келді, деп хабарлайды ақпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанға БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсен келді. Ол бұған дейін алдағы кездесуге қатысатынын қуаттаған болатын.
7-8 шілдеде өтетін «Астана форматындағы «Сирия бойынша келіссөздерге Сирия Араб Республикасы атынан Сыртқы істер министрлігінің басшысы, ал қарулы оппозициядан Ахмад Тома қатысады.
Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесуге кепілгер елдер - Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарланған. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады.
Теңге бағамы
Ауа-райы