• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
856 Категория: Картина дня - Жарияланды 15/07 - 12:40


НҰРСҰЛТАН, 15 - шілде. - Eurasia Today. ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Душанбеде «ШЫҰ-Ауғанстан» байланыс тобы форматында Ауғанстан бейбітшілігі тақырыбында өткен кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жариялады.

Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Ауғанстанды тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, бейбіт, демократиялық және өркендеген мемлекет ретінде құруды қолдай отырып, осы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу ШЫҰ аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі екенін түсініп, ауған халқына елді қалпына келтіру және бейбітшілік пен ұлттық келісім жолына оралудағы күш-жігеріне одан әрі көмектесу қажеттілігіне сенімді бола отырып, мәлімдеме жасады.

«Ауғанстанның дос көршілері және маңызды серіктестері ретінде ШЫҰ-на мүше елдер елдің бейбіт, тұрақты және өркендеуіне мүдделі, сонымен бірге олардың Ауғанстанды мекендейтін барлық халықтардың дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрметтерін растайды.

Халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, ең алдымен БҰҰ Жарғысына сәйкес, ШЫҰ-на мүше елдер Ауғанстанның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарайтынын растайды. Олар Ауғанстанға терроризмнен, соғыстан және есірткіден арылуға көмектесуге ниетті.

Біз Ауғанстанда болып жатқан зорлық-зомбылық пен лаңкестік шабуылдарды айыптаймыз. Оның құрбандары қарапайым адамдар мен мемлекеттік қызметкерлер. Шабуылдарды тезірек тоқтатуды қолдаймыз. Халықаралық террористік ұйымдардың белсенділігі осы елдегі тұрақсыздықтың негізгі факторларының бірі екенін растаймыз. Біз әртүрлі террористік, сепаратистік және экстремистік топтардың шоғырлануының күрт өсуі салдарынан Ауғанстанның солтүстік провинцияларындағы шиеленістің артуына терең алаңдаушылығымызды білдіреміз. Біз терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы тұру үшін ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін құруды маңызды деп санаймыз.

Біз Ауғанстандағы қақтығыстарға қатысушы барлық тарапты Ауғанстанның ШЫҰ-на мүше елдермен шекаралас аймақтарында тұрақсыздыққа және болжанбайтын зардаптарға соқтыруы мүмкін күш қолдану мен әрекет жасаудан бас тартуға шақырамыз.
ШЫҰ-на мүше елдер Ауғанстанмен аймақ қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерге, бірінші кезекте терроризмге және есірткімен байланысты қылмысқа, олардың барлық түрі мен көріністеріне қарсы күресте ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, осы мәселелерді шешуде «қос стандарттарға» бірлесіп қарсы тұруға дайын екендіктерін растайды.

ШЫҰ-на мүше елдер Ауғанстан босқындарына аймақтық және Ауғанстанмен көршілес елдер көрсеткен ұзақ мерзімді қонақжайлылық пен тиімді көмектің маңыздылығын атап өтіп, олардың өз Отанына лайық түрде, қауіпсіз және тұрақты оралуына ықпал ету үшін көрсететін халықаралық қоғамдастықтың белсенді күш-жігерін маңызды деп санайды.

Біз ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың маңызды факторларының бірі Ауғанстандағы жағдайды тезірек реттеу деп санаймыз. Осыған байланысты біз Ауғанстан Ислам Республикасы үкіметі мен халқының бейбітшілікті қалпына келтіруге, елдің экономикалық дамуына, терроризмге, экстремизмге және есірткімен байланысты қылмысқа қарсы тұруға бағытталған күш-жігерін арттыру қажеттілігін атап айтамыз. Біз ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Ауғанстандағы қақтығысты саяси диалог пен инклюзивті бейбітшілік процесін ауғандықтардың өздері басшылыққа ала отырып жүзеге асыруына балама жоқ деген ұстанымын қуаттаймыз.

Біз осы елді тұрақтандыру және дамыту үшін барлық мүдделі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлімен ынтымақтастығын нығайтуға шақырамыз. Бұл тұрғыда біз БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек миссиясы және БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілінің, сондай-ақ Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ Аймақтық орталығының қызметін атап айтамыз.edited 10:08

Біз халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін, соның ішінде Дохадағы ауғанаралық бейбітшілік келіссөздері, кеңейтілген үштік, консультациялардың Мәскеу форматы және Ташкент платформасы шеңберіндегі дипломатиялық қолдауын құптаймыз. Біз «Азия жүрегі - Ыстамбұл үдерісі» бастамасының министрлер деңгейіндегі кездесуінің нәтижелерін атап айтамыз.
Ауған халқының өзіндік даму жолын таңдауына құрметпен қарай отырып, біз ауғанішілік келіссөздер процесінде осы елдегі барлық этностардың мүдделері ескерілуі керек деп санаймыз.

Біз «ШЫҰ-Ауғанстан» байланыс тобы шеңберіндегі бірлескен жұмысқа үлкен мән береміз. Біз аймақтағы тұрақтылықты нығайту және ШЫҰ-на мүше елдер мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынасты дамыту мақсатында 2019 жылғы 14 маусымда Бішкекте қабылданған Байланыс тобының одан әрі іс-қимылдарының Жол картасын жүйелі түрде жүзеге асыруды қажет деп санаймыз.

Біз елдеріміздің Ауғанстанмен саясат, қауіпсіздік, экономика және гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, соның ішінде АИР-ның ШЫҰ-ның жұмысына бақылаушы мемлекет мәртебесінде қатысу әлеуетін барынша іске асыру арқылы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растаймыз.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+9°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети