НҰРСҰЛТАН, 19 - шілде. - Eurasia Today. Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі кеше, 18 шілде күні кешке Пәкістан Ислам Республикасының Кабулдағы Елшісі Мансур Ахмад Хан мырзаны шақырып, Исламабадтағы Ауғанстан елшісінің қызының ұрлануына Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметінің қатаң наразылығын білдірді.
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі Ахмад Хан мырзадан Ауғанстан Үкіметінің ащы оқиғаға байланысты қатаң наразылығы мен алаңдаушылығын Пәкістан Сыртқы істер министрлігі мен Үкіметіне жеткізуді сұрады. Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі Пәкістан үкіметін осы қылмысты жасағандарды анықтау және жазалау үшін жедел шара қабылдауға, халықаралық конвенцияларға сәйкес, Ауғанстан дипломаттары мен олардың отбасыларының толық қауіпсіздігі мен дипломатиялық иммунитетін қамтамасыз етуге шақырды.
Пәкістандағы Ауғанстан елшісінің қызы Селселе Алихил 16 шілде, жұма күні Исламабадта үйіне қайтып бара жатқан кезде белгісіз адамдар тарапынан ұрланып, қатты азапталғаннан бірнеше сағаттан кейін босатылды. Ол ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Теңге бағамы
Ауа-райы