• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
248 Категория: Картина дня - Жарияланды 08/10 - 10:38

НҰРСҰЛТАН, 8 - қазан. - Eurasia Today. Ауғанстанда басталған гуманитарлық дағдарыс салдарынан балалар түрлі дертке шалдыға бастады. Елде тойып тамақ іші алмай жүрген миллиондаған бала аштықтан қызылша ауруы мен іш өтуден қиналуда.

Сонымен қатар, елдегі дәрі-дәрмек тапшылығы жағдайды одан бетер ушықтырып тұр. Салдарынан елде өлім-жітім көрсеткіші артып барады. БҰҰ мамандары аймаққа гуманитарлық көмек көрсету керек деп дабыл қағады. Өткен айда ұйым 4 млн ауған халқын азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Алайда мамандардың айтуынша  бұл көмек жеткіліксіз. Жыл соңына дейін 5 жасқа толмаған шамамен 3 млн-нан астам бала аш қалуы мүмкін. 

Еске сала кетсек, Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 2,5 мың тонна астық жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімі кезінде айтты. 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети