• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2507 Категория: Картина дня - Жарияланды 12/10 - 11:19

НҰРСҰЛТАН, 12 - қазан. - Eurasia Today. Ауғанстан билігіне келген «Талибан» радикалды исламистік қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарын құрметтеуге және оларға оқу мен жұмыс істеуге мүмкіндік беруге уәде берді.

іz.ru-дің мәліметінше, бұл туралы кеше «Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Мужахид мәлім еткен.

Бұл ретте ол бұл мәселе бойынша Батыстың қысымына жол берілмейтінін айтып өтті.

«Біз адам құқықтарын, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтарын және дініміз Исламға сәйкес басқа да құқықтарды құрметтеуге уәде береміз. Біз уәде береміз, алайда басқа елдер мен ұйымдар бізге қысым жасамауы керек, өйткені біз әлі де ережелерді тұжырымдап, жүйені қайта құрып жатырмыз. Сондықтан біздің мемлекетті мойындамайтындар бізге қысым жасамауы керек және не істеуіміз керектігін біз үшін шешпеуі керек. Бірақ біз әлемдік қауымдастықты адам құқықтарын құрметтейтінімізге және дұрыс бағытта қозғалатынымызға сендіреміз»,-дейді Забихулла Мужахид.

         Қозғалыс өкілінің айтуынша, Ауғанстандағы әйелдер білім алуға құқылы және белгілі бір ережелерді сақтай отырып жұмыс істей алады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети