• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1301 Категория: Картина дня - Жарияланды 22/11 - 08:59

НҰРСҰЛТАН, 22 - қараша. - Eurasia Today. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді. Ғылыми кітапханада белгілі саясаткер университеттің оқытушы-профессорлары және студенттерімен кездесу өткізді.

Шара барысында сөз сөйлеген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға университетке келгені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Түркияның көпжылдық жемісті ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ құрметті мейман Қазақстанды дамытудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі рөлін айрықша атап өтті.

Кездесу барысында Абдулла Гүл жиналғандарға дәріс оқыды. Сонымен қатар Түркияның қоғам қайраткері өзінің саяси саладағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында Абдулла Гүлге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ университет ректоры Жансейіт Түймебаев мейманды «Әл-Фараби» Алтын медалімен марапаттады.

Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, Қали Сәрсенбай, Сәбит Шілдебай сынды зиялы қауым өкілдері, дипломаттар мен БАҚ өкілдері қатысты Абдулла Гүл 2007-2014 жылдар аралығында Түркияның Президенті болды.

Дереккөзі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети