НҰР-СҰЛТАН, 12 - қаңтар. - Eurasia Today. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында ҰҚШҰ бітімгерлік контингенті кезең-кезеңімен Қазақстаннан шығарылатынын мәлімдегенін ақпарат торабының тілшісі хабарлады.
"ҰҚШҰ бітімгершілік контингентінің негізгі миссиясы аяқталды. Бітімгершілік контингентінің шығарылуы екі күннен кейін басталады. ҰҚШҰ әскерлері 10 күн ішінде шығарылады", - деді Тоқаев.
Тоқаев Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде: «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету. Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ», -деді.
Айта кетейік, Қазақстандағы ахуалға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрауымен ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің 2 500 әскері елге келді.
Теңге бағамы
Ауа-райы