НҰР-СҰЛТАН, 15 - ақпан. - Eurasia Today. Түркіменстан Демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезінде ел президенттігіне үміткер ретінде Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедовтың кандидатурасы ұсынылды.
Қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтың ұлы Сердар Бердімұхамедов 2001 жылы С.А.Ниязов атындағы Түркіменстан ауылшаруашылық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық қатынастар саласының да маманы болғандықтан, ол Межлис комитетінің төрағасы, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Ахал Велаятының орынбасары, кейін әкімі, Өнеркәсіп және құрылыс өндірісі министрі, Жоғарғы бақылау палатасының төрағасы, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшесі сияқты жауаппты қызметтер атқарған. Қазір Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары.
Түркіменстанда 11 ақпанда өткен Милли Генгеш халық мәслихатының отырысында осы елдің президенті Гурбангулы Бердымухамедов мемлекетті басқару тізгінін жас көшбасшыларға беру керек екенін айтқан болатын.
Түркіменстан Президентінің кезектен тыс өткізілетін сайлауы 2022 жылдың 12 наурызына белгіленді.
Түркіменстанның Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап сайлауалды үгіт науқаны басталғанын хабарлады.
Теңге бағамы
Ауа-райы