• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
706 Категория: Картина дня - Жарияланды 03/05 - 14:32

НҰР-СҰЛТАН, 3 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран президенті Раиси сионистік режимнің Палестина халқына қарсы шабуылдарын ислам елдерінің талпыныстары мен халықаралық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы тоқтату үшін бірлесіп күш салуға шақырды.

Бұл туралы Раиси Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта айтты.
Раиси сұхбатта Ердоған мен Түркия халқын Ораза айтпен құттықтап, Ұлы Құдайдан осы үлкен айттың берекесі үшін ислам үмбетіне бар жақсылықты нәсіп етуін тілейтінін мәлімдеді.
Иран Президенті Ислам Республикасының саясаты аймақ елдерімен, әсіресе Түркиямен жан-жақты қарым-қатынастарды айтарлықтай ілгерілету екенін атап өтті.
Раиси Палестинадағы соңғы оқиғаларды қабылдауға жатпайды деп сипаттап: «Сионистік режимнің Палестина халқына қарсы адамгершілікке жатпайтын шабуылдарын ислам елдерінің талпынысы мен түрлі халықаралық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы тоқтату үшін бар күшімізді салуымыз қажет» деді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да сұхбатта Иран Президенті Раиси мен Иран халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап: «Бұл айт бүкіл ислам әлемі үшін денсаулық, береке және бақыттың мәйегі болады деп үміттенемін», - деді.
Түркия президенті Теһранға сапармен баруға ынта танытып: «Осы сапарда Түркия аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылауға, сондай-ақ екіжақты және халықаралық қарым-қатынастарды ілгерілетуді үйлестіруге, әсіресе Иран Ислам Республикасымен сауданы арттыру үшін сұхбаттасып, кеңесуге мүдделі», - деді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+32°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети