• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
429 Категория: Картина дня - Жарияланды 09/06 - 10:36

НҰР-СҰЛТАН, 9 - маусым. - Eurasia Todaу. Атом Қуаты Халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) Басқарма кеңесі мүшелерінің басым көпшілігімен Иранды осы ұйыммен ынтымақтастық жасамайды деп айыптаған Иранға қарсы қарар қабылданды.

Атом Қуаты Халықаралық агенттігі Басқарма кеңесінің мүшелері сәрсенбі күні жабық есік жағдайында өткен отырысында басым дауыспен Иранды жарияланбаған үш мекенде уранның қалдықтарын түсіндірмеді деген себеппен сынаған қарар қабылдады.

Қарар АҚШ пен «Ортақ қадам» келіссөздеріндегі белсенді үш еуропалық елдің, атап айтқанда Ұлыбритания, Франция және Германияның ұсынысымен кеңеске ұсынылды.

Кеңестің 35 мүшесінің 30-ы жақтап, екеуі - Ресей мен Қытай қарсы дауыс беріп, үш ел - Үндістан, Пәкістан және Ливия қалыс қалды. Қарарды жақтап дауыс берген 35 елдің қатарында Ұлыбритания, Франция, Германия, Австрия, Чехия, Финляндия, Ирландия, Польша, Испания, Швейцария, Словения, АҚШ, Канада, Мексика, Бразилия, Аргентина, Колумбия, Перу, Гватемала, Египет, Сенегал, Оңтүстік Африка, Бурунди, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Австралия, Жаңа Зеландия, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам бар.

Қарардың мәтінінде ұйымның Иранның ынтымақтастық жасамайтындығына алаңдаушылық білдіргені және Иранды Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен кідіріссіз әрекеттесуге шақыратыны айтылған.

АҚШ АҚХА Басқарма кеңесіне жолдаған хатында: «Біз саяси шиеленістің өршуін қаламаймыз. Біз Ираннан хабарланбаған орталықтардағы уран қалдықтары туралы сенімді түсініктеме талап етеміз» деді.

Ресейдің Вена келіссөздеріндегі өкілі Ульянов Басқарма кеңесіндегі Иранға қарсы қабылданған қарар Теһран мен АҚХА арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға, бұл қадам Вена келіссөздерін аяқтауға көмектеспейді деді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+16°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети