• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1196 Категория: Картина дня - Жарияланды 20/06 - 14:36

НҰР-СҰЛТАН, 20 - маусым. - Eurasia Todaу. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше 19 маусымда Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев және онымен бірге келген қазақстандық делегациямен кездесті.

Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі Иран діни жетекшісінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Аятолла Хаменеи Иран мен Қазақстан арасындағы терең тарихи және мәдени байланыстарды атап, екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту қажеттігін айтып, өңірлік ынтымақтастыққа ерекше тоқталды.

Аятолла Хаменеи саяси және экономикалық мәселелер бойынша үйлестіруді қарым-қатынастарды кеңейту үшін қажет санап, ортақ комиссияны белсендіру қажеттігін қуаттап, екі жақ келісімдерді жалғастырып, оларды жүзеге асыру үшін күш-жігерді екі есе арттыруы керектігін баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейтудің маңызына тоқталып: «Тегі қазақ, ислам философы, ғалым, шығармалары Иранда жүз жыл зерттелген әл-Фараби екі ел арасындағы мәдени саладағы серіктестіктер мен ғылыми ортақ комитет құруға негіз бола алады», - деді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран мен Қазақстан арасындағы тарихи және мәдени ортақтастықтарды терең деп бағалап, Иранның діни жетекшісінің фарабитану саласында ғылыми комитет құру туралы ұсынысын құптап, аймақтық мәселелер мен Украинадағы жағдайға қатысты өз көзқарасын білдіріп, еліндегі сәтсіз төңкерістен кейінгі жағдайға тоқталды.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+16°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети